Орталық референдум комиссиясы саяси науқан қарсаңындағы оқыту семинарларын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық референдум комиссиясы саяси науқан қарсаңындағы оқыту семинарларын аяқтады

01.06.2022

Орталық референдум комиссиясы саяси науқан қарсаңындағы оқыту семинарларын аяқтады. Соңғысы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров “Референдум - демократияны дамытудың алғышарты. Әр қазақстандықты саяси мәселелерге тартудың ең оңтайлы тәсілі” екенін атап өтті. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова конституцияға ұсынылған негізгі өзгерістерді түсіндірді. Ал бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Саргазин референдум кезінде қауіпсіздік пен заңдылықтың сақталуы туралы айтты.

Жиын барысында спикерлер жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.


Хабарламаларға жазылу