Вашингтон Киевке алыс қашықтыққа ататын қару бермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Киевке алыс қашықтыққа ататын қару бермейді

31.05.2022

АҚШ Украинаға Ресей аумағына жетуге қауқарлы зымыран кешендерін жібермейтін болды. ((КСМ))Мұны Ақ үй басшысы Джо Байден журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Өткен аптада америкалық жетекші басылымдар Вашингтон Киевке алыс қашықтыққа ататын зымырандық жүйені беретін болды жазған еді. Ал Байден болса, Украинаға өзін-өзі қорғауға көмектісі келетінін, алайда Ресей территориясын шабуылдауға қолданылатын қаруды беруге қарсы екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, Ресми Киев Батыс елдерінен жүздеген миль қашықтыққа дүркіндетіп ататын реактивті жүйе беруін бірнеше мәрте сұрады. Украина Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Дания кемеге қарсы Гарпун зымырандарын, ал АҚШ өздігінен жүретін гаубицалар бере бастады. Елге ақпанның 24-де Ресей әскері басып кіргелі мыңдаған адам қаза тауып, миллиондағаны босқынға айналған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу