Атырауда Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесіп, референдумның маңызын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесіп, референдумның маңызын түсіндірді

31.05.2022

Атырауда Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесіп, Конституциялық түзетулерге қатысты өтетін референдумның мән-маңызын түсіндірді. Жиынға штаб мүшелері мен білім саласының ардагерлері, сондай-ақ, ағарту саласының басшылары қатысты. Қазір облыста республикалық референдумды өткізу бойынша дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. 400 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады. Ол үшін 261 учаске дайындалды.

Ербол Шайқы, Қ.Қайсенов атындағы №33 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Білім беру саласындағы біршама жаңа көзқарастарды, жаңа ортаны қалыптастырады деп ойлаймын. Яғни әрбір қазақстанның азаматы үшін бұл саяси науқанның маңызды.
Нұрлыбек Ожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жаңа Қазақстанның синонимі Әділетті Қазақстан. Көп мүмкіндіктер ашылып отыр. Түбегейлі мемлекеттік басқару жүйесі жаңғыртылғалы отыр. 

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу