Конституция күніне орай, Қызылордада 12 мыңнан астам бала Әнұранды бір мезгілде шырқайды.
Бұл туралы қалалық Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Балдырған Мәмен мәлімдеді.
Шара 29 тамызға белгіленген. Акцияға 124 балабақша мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бүлдіршіндері қатысады.
30 тамыз күні қаладағы қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен кассирлер жұмыс күндерін Әнұран айтудан бастамақ. Сонымен қатар, мерекеге орай, № 5, 6, 11, 12, 14, 17, 18, 19, 22, 24 бағыттағы қоғамдық көліктер сағат түнгі 23.00-ге дейін қатынайтын болады.
total.kz