Непал армиясы ұшақ құлаған жерге жетті. Апат орнынан 14 адамның денесі табылған. Ұшақ бортында барлығы 22 жолаушы болды. Олардың екеуі германиялық, төртеуі үндістандық, қалғаны - непалдықтар. Лайнер туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан жоғалып кетті. Лайнердің құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Себебі сол уақытта күн бұлтты болып тұрған.
Арай Төлегенқызы