Конституция күніне орай Алматыда әскери шеру өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күніне орай Алматыда әскери шеру өтеді

28.08.2014
Конституция күніне орай Алматыда әскери шеру өтеді

30 тамыз күні Алматыда Конституция күніне орай әскери шеру өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында күндізгі сағат 11:00-де ҚР «Ұлан» мемлекеттік қорғау қызметінің ту ұстаушы тобы ҚР Мемлекеттік Туын алып шығады.

Мерекелік шеруге Әскери оркестрдің барабаншылары, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары, «Арыстан» әскери арнайы әскери лицейінің курсанттары қатысады.

«Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты болмақ. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Санкт-Петербургтен келген Мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды», - деді Р.Тыливалдиева.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Ата Заң мерекесіне орай алматылықтар классикалық өнердің концертін тамашалай алады. 31 тамыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресей Мүйіз аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Бағдарламада Бах, Моцарт, Рахманинов және тағы басқа классиктердің танымал шығармалары орындалады.

Хабарламаларға жазылу