Шетел азаматтары елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін онлайн ала алмайды. Егов порталында бұл қызмет қазанға дейін қол жетімсіз болақ. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша шетелдіктер ЖСН-ды халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп алуы тиіс. Жыл басынан бері еліміздің ЖСН-і 90 мыңнан астам шетелдікке берілген. Оның 36 мыңы ресейлік. Сәйкестендіру нөмірі оларға банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын кезде қажет.
Досжан Маратұлы