29-шы тамыз күні Шығыс Қазақстанда Конституция күніне орай мотошеру өтеді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлап отыр.
Мотошерудің негізгі - мақсаты жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану, дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, шеруге Павлодар, Семей және Өскемен қалаларының тұрғындары қатысады деп күтілуде.
Мотошеру 29-шы тамыз күні сағат 10:00-де Риддер қаласының Республика алаңында басталады. Шеруге қатысушылар Риддер –Тұрғұсын елді мекені арасындағы тасжолмен жүріп өтеді.