Елімізде криптоиндустрияның өңірлік хабы құрылуы мүмкін. Бұған қоса блокчейн технологиясы бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары да жүзеге асуы ықтимал. Бүгін Binance компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжао Президенттің қабылдауында болды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Нысаналы Ығыл