Binance криптобиржасының елімізде локальді платформасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Binance криптобиржасының елімізде локальді платформасы ашылды

21.06.2023

Әлемдегі ең ірі криптобиржа-Binance-тің елімізде локальді платформасы ашылды. Бүгін осы халықаралық компанияның Қазақстандағы өкілдері арнайы шара өткізіп, платформаны таныстырды. Негізі, осы платформа жоқ кезде крипто-акциялар мен валюталарға қызыққандар Байненстің әлемдік биржасында сауда жасап келген еді. Бірақ, ол еліміздің банктерімен біріктірілмеген. Сондықтан, биткоин, альткоин, токен секілді крипто-валюталармен сауда жасап, табыс тапқанымен оны шешіп алу қиын еді. Енді, биржаның банктермен бірге жұмыс істейтін қазақстандық платформасы ашылды. Қатысушылар бүгіннен бастап тіркеліп, криптовалюталармен сауда-саттық жасай алады.

Жасұлан Мәдиев, Binance Kazakhstan биржасының бас менеджері:

Жыл сайын криптовалютаға қызығушылар қатары көбейіп келеді. Қазір Қазақстанда жүздеген мың адамның электронды валюталары бар. Меніңше мұның болашағы зор. Платформа әзірге бір банкпен интеграцияланды. Алдағы уақытта тағы бірнеше банкпен байланыс орнатамыз.

Жалпы Binance-тің 180 елде 140 миллионнан астам пайдаланушысы бар. Тәулігіне криптовалюталардың сауда айналымы 65 миллиард доллардан асады. Әрі бұл тек биржа емес, үлкен экожүйе. Елімізде вЕнчурлық қызметтерді де көрсетеді. Блокчеин технологияларды дамытуға үлес қосып жатыр. Осы мақсатта 22 жоғары оқу орынының ұстаздарын оқытып, криптоиндустрияның қыр-сырын үйреткен. Өз кезегінде бұл педагогтар 2026 жылға дейін мың 40 студентке білім береді деп жоспарланған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу