5 маусымда өтетін референдумда шетелдегі Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 маусымда өтетін референдумда шетелдегі Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады

24.05.2022

5 маусымда өтетін референдумда шетелдегі Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады. Ол үшін 51 сайлау учаскесі құрылған. Ресейдің бес қаласындағы сайлау учаскелерінде қазір дайындық жүріп жатыр.

Руслан Шаймағанбетов, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы:
«Қазақстан республикасының 18 жасқа толған азаматтары Мәскеу қаласында орналасқан елшілікте, сонымен қатар Ресейдің төрт қаласында орналасқан бас консулдықтарында дауыс бере алады. Сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00 ге дейін жұмыс істейтін болады. Мәскеу бойынша шамамен 1300 адам келеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ ол сан өзгеруі мүмкін».

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу