Астанада Конституция күніне арналған велошеру өтті. Спорттық шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және велосипед спортына жастардың назарын аудару.
2,5 мың адам қатысқан велошерудің алдыңғы сапында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов болды.
Қатысушылар «Салтанат сарайының» алдынан «Астана Арена» стадионына дейін 4600 метрді велосипедпен жүріп өтті.
Велошеру мен аукционнан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортты дамытуға бағытталады.
Саламат ОМАШ