Жамбыл облысында 37 мектептің асханасы, 70 мектептің спорт залы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 37 мектептің асханасы, 70 мектептің спорт залы жоқ

23.05.2022

Жамбыл облысында 37 мектептің асханасы, 70 мектептің спорт залы жоқ. Ал, осыдан 5 жыл бұрын апатты деп танылған Шу ауданындағы білім ошағының бір бөлігі оқуға мүлдем жарамсыз. 1400-ге жуық оқушы денешынықтыру пәнін далада өткізуге мәжбүр. Сондай-ақ, аудандағы тағы бір мектеп жанынан жаспарлас салынған интернатта әбден тозған. Жуынатын бөлме жоқ. Ұстаздар мен ата-аналар жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, балалар алаңсыз білім алса дейді.

Нұрдос Болатұлы, тілші:

Тоқсаншы жылы қолданысқа берілген ғимараттың бүгінгі сиқы осы. Мектептің мәжіліс залы, асханасы және спорт залы апатты деп танылған. Білім ошағының терезелерінен түк алғысыз. Едендері алқам-салқам. Мектеп оқушылары дене шынықтыру пәнін далада өткізуге мәжбүр.

Эльмира Қожаханова, ата-ана:

Спорт зал жоқтығын балаларымыз айтады. Кей-кезде күн суықта далада ойнаймыз дейді. Спорт залымыз құлайын деп тұр, ішіне кіргізбейді бізді деп. Кей күні балаларымыз ауырып та келеді одан тұмауратып.

Балаларын уайымдаған ата-ананың базынасы осы. Денешынықтырудан дені дұрыс сабақ күн жылынғанда ғана өтеді. Қалған кезде қамалып отырады.

Жеңіс Жанпейісов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Қыс мезгілінде әрине өте қиын болады. Спорт зал болмаса. Өйткені бізде оқушы саны көп болғаннан кейін, паралелл келетін сыныптар болады. Сол себепті зал жоқ болса қиын.

Ғани Мұратбаев атындағы мектептің екі ғимараттан бар. Алғашқысы өткен ғасырдың 60 жылдары салынса, екіншісі 90 жылдары пайдаға берілген. Дәл осы бөлігінде асхана, мәжіліс залы мен спорт залы болған. 2017 жылы қабырғалары құлап, апатты деп таныған.

Мираш Дүйсенқұлова, мектеп директорының орынбасары:

Енді бұл жақта қорытындысы бойынша қабырғалардың арасында осадка бергеннен кейін жарықтар бар. Сол үшін байланысты апатты деп танылды. Сол себепті бүгінгі күні бұл жақта балалар оқымайды.

Ауданда апатты жағдайда тұрған тағы бір білім ордасы А.Макаренко атындағы мектеп. Жанында жаспарлас салынған инернаты бар. Мұнда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары оқиды. Тозығы жеткен ғимараттың есік терезелері әбден тозған. Мұнда тіпті балалардың жуынатын бөлмесі де жоқ.

Айжан Тастанова, мектеп директоры:

2018 жылы жүргізілген сметалық құжат бойынша 760 миллион ақша деп шешілген болатын. Ақшаның көлемінің үлкендігінен ремонттан сырғып қала берді.

Шу ауданында 48 мектеп бар. Оның 15-сіне күрделі жөндеуді қажет. Жалпы Жамбылда 480 білім мекемесі бар. Оның 37-де асхана, 70-сінде спорт зал жоқ.

Айдын Досыбаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Биылғы жылы 3 мектептің спорт залы, 25 жылға дейін 29 мектептің спорт зал мәселесі шешіледі. Асханасы жоқ мектептердің ішінде 25 жылға дейін, 13 мектептің мәселесін шешу жоспарда бар.

Денешынықтыру пәнін кабинетте өткізу, білім беру стандартына мүлде сай келмейді. Заңға қайшы. Түйткілдің түйіні қаржыға байланған. Сондықтан ақша бөлінгенше, спорт залы жоқ мектептің балалары далада ғана алаңсыз доп теуіп жүрмек.

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу