Заң алдында жұрттың бәрі тең – заңгерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң алдында жұрттың бәрі тең – заңгерлер

23.05.2022

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары абсолютті деп танылған. Бұл мемлекетіміздің негізгі тірегі, Ата заңда жазылған. Бүгін заңгерлер Конституцияның 12-ші бап тармақтары төңірегінде тұшымды пікір айтып, әділдікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Олар заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екенін тағы бір рет ескерте салды. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға құқығы бар. Алдағы референдумға қатысатын азаматтар, маңызды өзгерістер үшін тарихи таңдау жасауға өз үлесін қоса алады.

Марат Бәшімов, заңгер:

Халықаралық жағдайды қарасаңыз, бізде де біз көп нәрселерді әлі өзгерту керекпіз. Бізде қазір көп сарапшылар айтып жатыр конституциялық соттың маңыздылығы, адам құқығы жөніндегі өкілінің маңыздылығы, Президент өзінің билігін Парламентке беріп жатқаны ол да маңызды нәрсе. Көп нәрселер. Бірақ соның өзінде де ең маңыздылығы қазір біз 5-ші шілдеде келіп, дауысымызды берсек, біз өзіміздің Қазақстанның болашағына береміз.


Хабарламаларға жазылу