Мемлекет басшысы: Шенеуніктердің жазалануы - заң алдындағы теңдіктің көрсеткіші

21.11.2016
Мемлекет басшысы: Шенеуніктердің жазалануы - заң алдындағы теңдіктің көрсеткіші

Жоғары лауазымды шенеуніктердің жазалануы заң алдындағы барлығының теңдігі қағидасының сақталуын дәлелдейді. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мемлекет басшысы заң мен сот алдында барлығы бірдей екенін қадап айтты. "Қазіргі кезде жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірнеше министрлер де, әкімдер де жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар түрлі буындардағы басшылар, министрлердің орынбасарлары мен ұрлықпен қолға түскен "ЭКСПО-2017" басшылығы жазаларын алды. Бұл өз кезегінде заң алдында барлығының бірдей болуы қағидасы сақталып отырғанын дәлелдейді", - деп тоқталды Президент.

Мемлекет басшысы өз кезегінде судьялар қатарларындағы тазалыққа үнемі назар аударып отыруы тиістігін атап өтті. Елбасы заңдылықтың сақшысы болған судья заңды бұзуға құқы жоқ екенін айта келе, сондықтан мемлекеттің сот билігінің беделін түсіретін жағдайларға жол бермеу керектігін тапсырды.

Айта кетейік, съезге  судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Барлығы 600-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысуда.


inform.kz 

Хабарламаларға жазылу