Мамырдың 22-нен бастап Литва Ресейден мұнай мен газ және электр қуатын импорттауды тоқтатты. Мұны Балтық жағалауындағы республиканың энергетика министрлігі хабарлады. Оның мәлімдеуінше, Литва энергетикалық қажеттіліктерін жергілікті электр станициялардың көмегімен және Еуропа одағындағы Польша, Швеция, Латвия тәрізді стратегиялық серіктестерінен импорттау арқылы қамтамасыз етпек.
Литва Мәскеумен сауда байланысын Ресей армиясы Украинаға басып кіргені үшін үзіп отыр. «Біз Ресейдің әскери машинасын әрі қарай қаржыландыра алмаймыз», - дейді аталған министрлік басшысы Дайнюс Крейвис.
Арыстан Рысбек