Маймыл шешек ауруы әлемнің 12 елінен анықталды. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметі.
Инфекцияны 80 адам жұқтырған. Тағы 50 шақты науқас бұл індетті жұқтырды деген күдік бар. Қауіпті дерт Еуропаның 9 елінде, АҚШ, Канада мен Австралияда тіркеліп отыр.
Бұл инфекция негізінен Африканың орталығы мен батысында жиі кездеседі.
Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің мәліметінше, маймыл шешек симптомдары жеңіл өтеді және ұзаққа созылмайды. Айта кетейік, індеттен қорғанатын арнайы вакцина әлі жасалған жоқ.