Елордада неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды

20.05.2022

Нейрометаболикалық және митохондриалды ауруға шалдыққан балаларға диагнозды дұрыс және дер кезінде қою маңызды. Бүгін Елордада неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Отандық дәрігерлер алдында Бельгиядан келген профессор сөз сөйлеп, ауруды емдеудегі тәжірибесімен бөлісті. Балалар жылына орай ұйымдастырылған шара қаладағы 2-ші балалар ауруханасында өтті. Нейрометаболикалық синдромға шалдыққан сәбилер барлық елде бар.

Раушан Кенжеғұлова, №2 қалалық Балалар ауруханасы Неврологиялық бөлімшенің бас кеңесшісі:

Ол аурудың себептері көбінде генетикалық болады. Оны енді анасынан немесе әкесінен келді деп айтуға болмайды. Қазіргі заманда «de novo» деген мутация бар. Яғни, балада бірінші мутация болады.

Руди Ван Костер, профессор (Бельгия):

Бүгінде медицинада эволюция болып жатыр деуге болады. Ауруларды анықтап, емдеудің жаңа әдістері бар. Бүгін сол туралы тәжірибе аламастық. Нейрометаболикалық және митохондриалды ауру тікелей генетикамен байланысты. Бұл ретте осы дертке диагнозды дұрыс және тез қою маңызды. Ерте анықталса, емдеу шаралары да соғұрлым ерте басталып, арудың салдары жеңіл болады.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу