Қазақстанда ақыл-ой еңбегімен табыс табатын креативті мамандарға сұраныс аз. Үнемі ізденісте жүретін жандардың еңбегі нарықта төмен бағаланады. Креативті қызметтің жекелеген түрлерінде, әсіресе, кино, музыка мен медиа салаларында шетелдік брендтердің үлесі басым. Ал, отандық өнімдер небәрі 10 пайызды құрайды. Өткен жылы қабылданған индустрияны дамыту тұжырымдамасы негізінде мәселені біртіндеп шешу мүмкін бола бастады. Осыған қатысты нақты деректер мен алдағы жұмыс жоспары жайлы бүгін іскер әйелдер кездесуінде айтылды. Қазір креативті индустрияда 310 мыңдай адам қызмет етіп келеді. Оларға жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіру, шетелдік әріптестік орнату жағынан қолдау көрсетілетіні мәлім болды.
Айка Әлемі, креативті кәсіпкер:
Қазақстанның креативті өнімдері мен брендтерін қалай дамыту керек, қалай экспортқа шығу керек, маркетплейстерге қазіргі заманның тенденцияларына сай қалай сол секторды үлкейту соның бәрін бүгін талқылаймыз.