Астанада «Қазақстандағы ақыл-ой орталықтарының рөлі» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстандағы ақыл-ой орталықтарының рөлі» атты конференция өтті

30.01.2018

Еліміздің аналитикалық ұйымдары мен зерттеу институттары алғаш рет жаһандық форумға қатысты. Бүгін Астанада «Қазақстандағы ақыл-ой орталықтарының рөлі» атты конференция өтті. Жиында мемлекетіміздің саясаткерлері, экономистері, әлеуметтанушылары мен түрлі саладағы сарапшылары ақыл-ой орталықтарының жұмысы мен дамуына қатысты пікірлерін білдірді. Еуразиялық зерттеулер бағдарламасы жетекшісі Руслан Ізімовтің сөзінше, осындай орталықтар ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына  әсер етеді. Яғни, олардың маңызын арттыру қажет. Жалпы, бүгінде елімізде 30 шақты ақыл-ой орталығы бар. Келешекте олар бірлесіп жұмыс істемекші. Соған байланысты конференция соңында ұйымдар ынтымақтастық меморандумын бекітті.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу