Ассамблеяның басты міндеті этносаралық келісімді сақтау. Елордада этномәдени бірлестіктермен өткен жиында депутаттар ұлтаралық татулықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов елде болып жатқан өзгерістер уақтылы жүріп жатыр. Ұлт мүддесін қорғауға бағытталған Ұлттық құрылтай құру идеясын толыққанды қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, депутат мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты да ой бөлісіп, бұл мәселеде әр азамат, ең алдымен, өзінен бастау керектігін айтты.
Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Үзіліске шыға салып, орысша сөйлегеніңізді қойыңыздаршы. Бір-біріңізге СМС-ті орысша жазғанды қойыңыздаршы. Үйге жете салып, мамамен орысша сөйлегенді қойыңыздаршы. Әр бала осыны істесе де, талай шаруа тынады.