Елордалық белсенділер референдумды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық белсенділер референдумды қолдайды

20.05.2022

Елордалық жастар конституциялық өзгерістерді қолдайды. Маусымның 5-і күні өтетін референдумға Қазақстанның жастар бірлестіктері бір кісідей атсалысуға әзір. Осы мақсатта бүгін IT университетінде реформаларды түсіндіру бойынша республикалық қоғамдық штаб мүшелері жас белсенділермен кездесу өткізіп, саяси науқанның маңызды қадамдарына тоқталды.

Айбек Досымбетов, Республикалық еріктілер фронт-офисі жобасының үйлестірушісі:
Волонтерлер арасында қызықтырып жатқаны бұл мемлекеттік жер, табиғи байлықтардың барлығына меншік иесі халық болып табылады деген өзгеріс-ұсыныстары бар. Біз бұған дейін бұны мемлекеттің меншігінде болып келсе, қазіргі таңда халықтың иелігіне өтуі өте бір қуантарлық жағдай.

Хабарламаларға жазылу