АҚШ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды

20.06.2022

АҚШ Қазақстанда өткен референдумды саяси жаңғырудың кезекті қадамы деп бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі реформаларын толық қолдайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зеяның жолдаған хатында осылай деп жазылған. «Біз Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудың, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құрудың, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында әрдайым көмектесуге дайынбыз», делінген хатта.  

Хабарламаларға жазылу