Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу жүйесінде заң бұзушылықтарға жиі жол беріліп келген. Прокурорлық тексеру барысында былтыр бюджет қаражатынан 134 миллион теңге жымқырылғаны анықталды.
Қазіргі таңда салаға жауаптылардың үстінен 5 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Атап айтсақ, Сырдарияның сол жағалауындағы «Шіркейлі» каналынан салынған жаңа көпірдің жоба-сметалық құжатында көрсетілген 30 миллион теңгенің жұмысы атқарылмаса да, орындалды деп қабылданып кеткен. Сондай-ақ, облыстағы 16 әлеуметтік нысанның құрылысынан осындай олқылық анықталып отыр. Жалпы өткен жылы мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған 214 қызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылған.
Әділбек Серікұлы