Референдум - ел өміріне жаңа серпілістер мен сілкіністер әкелетін үлкен саяси реформа. Оған елінің болашағын ойлайтын кез-келген қазақстандықтың қатысуға конституциялық құқығы бар. Бұл өскелең ұрпақтың болашағын айқындайтын мүмкіндік, дейді республикалық қоғамдық штаб өкілдері.
Сәдібек Түгел, қоғам қайраткері:
Мына құжат өте дұрыс, біздің болашағымызға керек. Мен 8 немеренің атасымын, ертең олар қандай мемлекетте өмір сүреді. Олар ең бірінші әділетті мемлекетте! Міне, мына толықтырулар мен өзгерістер соған жол ашатын болады.