24 тамыз күні Астанада Конституция күніне арналған және «Тур де Франс-2014» жеңімпазы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен команда мүшелері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинскийдің және Дмитрий Груздевті, сондай-ақ, велокоманданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын атап өту аясында мерекелік веложорық өтеді.
Маршрут «Салтанат Сарайының» алдындағы алаңнан басталып, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңға дейін жалғасады. Ұзындығы - 4600 метр веложорыққа кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады, деп хабарлайды astana.gov.kz.