Ерлан Қарин Конституция қалай өзгеретінін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин Конституция қалай өзгеретінін түсіндірді

18.05.2022

Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Ата заңға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты. Түзетулердің бірінші блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді. Екінші блогы бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған. Парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыру көзделген. Түзетулердің төртінші блогы халықтың ел басқару ісіне көбірек қатысуын көздейді. Соңғысы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған деді Мемлекеттік хатшы. Ерлан Қарин енгізілетін өзгерістерді осылайша бес блокқа бөліп түсіндірді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, Ата заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі Парламентте емес, республикалық референдумда шешілетін болады. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу