Алматыда үш ғимараттың шатыры өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үш ғимараттың шатыры өртенді

17.05.2022

Алматыда үш ғимараттың шатыры отқа оранды. Тілсіз жау Бостандық ауданы, Клочков көшесінде тұтанған. Өрттің тез таралуына бірнеше нысанның жақын орналасуы себеп болған. От жақын маңдағы кафе мен дөңгелек жөндеу орталығының шатырын да шарпыған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап, қапсарлас орналасқан басқа ғимараттардың жануына жол бермеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу