Елімізде коронавирус инфекциясының «Стелс-Омикрон» штамы анықталды. Соңғы 2 айда жүргізілген ПТР скрининг бұл штамның 12 өңірде анықталғанын көрсетті. Сондай-ақ, қазір «Омикрон» және «Delta» штамы әлі де толық жойылған жоқ. Скрининг нәтижелерін растау үшін осы айдың соңына дейін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы екпені уақытылы алуды ұсынады.
Берік Көшербай