Мәскеу Финляндияның НАТО-ға «уақыт оздырмай» өту жоспарына наразылық білдіріп, мұның зардабы болатынын ескертті. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей фин үкіметінің бұл шешімін жауапсыз қалдырмайды. Алайда, Песков нақты қандай шара қолданылатынына тоқталған жоқ. Финляндия НАТО-ға өту туралы өтінішті келесі аптаның ортасында беруі мүмкін. Ал, Швеция осы мәселеге қатысты позициясын жексенбі күні жариялап, батыстық әскери альянсқа кіруге арыз беру жайлы ресми шешімді дүйсенбіде қабылдайды деген болжам бар.
Арыстан Рысбек