Финляндия үкіметі кешікпей НАТО-ға мүше болуға ниетті екенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Ел президенті Саули Ниинистё мен премьер-министр Санна Марин мәлімдеме жасады. Ал, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Финляндия Солтүстік атлантикалық альянсқа мүшелік туралы өтінішті парламенттен рұқсат алып келесі аптада Брюссельге жіберуі мүмкін. Сәрсенбі күні британ премьер-министрі Борис Джонсон Швеция мен Финляндияға қауіпсіздік кепілдігін беретінін мәлімдеді. Финляндияның Ресеймен арадағы шекарасының ұзындығы - 1340 шақырым. Украинада әскери қақтығыс басталғаннан кейін фин қоғамында НАТО-ға өтуді қолдайтындар көбейіп келеді.
Арыстан Рысбек