Елордада халықарлық отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада халықарлық отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті

12.05.2022

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шараға халықаралық ұйым өкілдері мен қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Қазіргі қоғамдағы отбасының жай-күйі және оларды мемлекеттің қолдауынан елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көруге болады. Жиынның басты мақсаты да осы. Отбасыдағы өзекті мәселелерді шешіп, қолайлы жағдай жасау арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосу дейді жиналғандар.

Әсемгүл Садыр, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ директоры: 
Отбасы институтының мықты болуы – әр мемлекеттің берік негізі. Осы тұрғыда біздің мекеме жұмыс істеуде. Отбасы құндылығы маңызды. Соны әр отбасы түсінсе екен.


Хабарламаларға жазылу