Қызылордада тапа-тал түсте қарумен атысып, үш адамды ажал құштырған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Қазір бізбен өңірдегі тілішіміз Әділбек Серікұлы байланысқа шықты.
Әділбек Серікұлы, тілші:Полиция қылмысқа қатысы бар 6 күдіктіні қолға түсірді. Тағы 4-еуіне іздеу жарияланды. Ұсталғандардың үй-жайын тінту кезінде 5 қару-жарақ, оқ-дәрілер, есірткі заты мен 7 автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Жантүршігерлік жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз, тергеу әлі жүріп жатыр.Оқиға 7 мамыр күні кешкілік қаланың шеткі ауданында дәмхана алдында болды. Атыс кезінде оққа ұшқан үш адам тілге келместен көз жұмса, жарақат алған үшеу ауруханаға жеткізілген болатын. Аталған оқиғаға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы