Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Соғыс жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрметті қарауыл ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.
Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.