Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

31.05.2022

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандарды еске алды. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты. Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітінде болып, онда құрбандарды еске алу дұғасы оқылды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу