Биыл соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсті

08.05.2022

Есесіне, биыл соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсті. Әлеуметтік төлемдер әр өңірде әртүрлі. Мәселен, Павлодар облысы 2 млн теңгеден жәрдемақы береді. Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық аймақта ардагерлерге кемі 1 млн теңгеден бөлінуі тиіс. Қазір Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 387 ардагер мен мүгедек бар. Бұл жолғы жәрдемақы өзге ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Елімізде әр ардагерге 2 мыңнан астам доллар берілді. Мәселен, Ресейде ардагерлер Жеңіс күніне орай 10 мың рубль, немесе қазіргі бағаммен 150 доллар алады. Ал Беларусьте – 500 доллардан сәл асады. Өзбекстан ардагерлеріне 1300 доллардай төленсе, Қырғызстанда 1200-ден сәл асады. Әзербайжан жәрдемақыны 800 доллар төңірегінде бекітсе, Тәжікстанның түрлі аймағында 240-тан бастап 400 долларға дейін барады. Енді бүгіннің батырларына тоқталсақ. Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күніне арналған жиында отаншыл әрі қайсар сарбаздарымыз ел қауіпсіздігін сенімді қорғап тұрғанын айтып, «қазақ үшін елдік пен ерлік – егіз ұғымдар» , - деді.


Хабарламаларға жазылу