Орталық сайлау комиссиясы референдум жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы референдум жоспарын бекітті

06.05.2022

5 маусым өтетін Республикалық референдумның жоспары бекіді. Ауқымда шара 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конститутциялық заң тәртібіне сай ұйымдастырылады. Дәл қазір әріптесім Раушан Сайлауқызы осы алаңнан тікелей байланысқа шығады. Раушан дайындық жұмыстары мен референдумды өткізуге жауапты?

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Республикалық референдум туралы заңға сәйкес ауқымды шараға Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Жоспарға сай 15 мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері жарияланады. Ал 16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күнін хабарлайды. Референдумға дейін үгіт-насихат жүргізуге де рұқсат етіледі. Ол референдум туралы жарлық енгізілген сәттен басталып, 4 маусымда яғни тыныштық күні аяқталады. Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, қаулымен бекітіледі. Комиссияның қорытынды туралы есебі дауыс беруден кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс.

Жалпы 11 млн 695 мың 439 адам референдумға қатысуға құқылы. Дегенмен әр өңірдің әкімі 20 күн бұрын қатысу құқығы бар адамдардың тізімін учаскелік комиссияға беруі тиіс. Яғни 15 мамырға дейін уақыт беріледі. Жалпы Констиутциядағы өзгерісті қолдаймын немесе қолдамаймын деген пікіріңізді білдіру үшін бюлетендегі «иә» немесе «жоқ» деген нұсқаны таңдау керек. Егер тұрғылықты жері өзгерсе кез келген учаскеде дауыс беруге болады.


Хабарламаларға жазылу