Үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

06.05.2022

77 жылдан кейін еленген ерлік! Бүгін Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Олар:

8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені - Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы, 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр, 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы - Ыбырайым Сүлейменов.

Ерлікпен қаза тапқан майдангерлер «Кеңес Одағының батыры» атағына үш мәрте ұсынылып, ерлігі елеусіз қалған. Енді араға 77 жыл салып, тарихи әділдік орнап отыр, дейді батырлардың туыстары. Бүгін олар Ақордаға арнайы келіп, Президенттің қолынан аталарының марапатын алды.

Айткүл Сүлейменова, Ы.Сүлейменовтің немере қарындасы:

Өзімнің арманым еді. Мінекей сол арманымның орындалғанына сенерімді де, сенбесімді де білмей тұрмын. Қасым-Жомарт Кемелұлынан алған награданың өзі мені көкке жеткізді. Өте қуаныштымыз.


Хабарламаларға жазылу