Зейнетақы мөлшерін 11 пайызға өсіру қарастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы мөлшерін 11 пайызға өсіру қарастырылуда

05.05.2022

Егде жастағы азаматтармен қатар табысы төмен отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін ұлғайту мәселесі Сенатта қаралып жатыр. Әлеуметтік қолдауды көбейтуге қазынадан қосымша 185 миллиард теңге сұралды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев хабарлады. Былтырмен салыстырғанда зейнетақыны 11, басқа төлемдерді 9 пайызға өсіру көзделген. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне де көмек қарастырылған.

Руслан Сәкеев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Салық кодексінде, мысалы, қарастырылған жеңілдіктер бар. Одан кейін мынау жергілікті атқарушы органдарда олардың басқа да жағдайлар жасайтын көмектері бар. Мысалы, үйлеріне ремонт жасап беру, немесе жол ақысын төлеп беру. Немесе заңда көрсетілген көліктерді тіркеуде тағы басқа баж салығына байланысты жеңілдіктер бар. Ол жерде олар босатылған.

Қазір елімізде 381 екінші дүниежүзілік соғыс ардагері мен оларға теңестірілген 74 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Оларға биыл бір миллион теңге көлемінде бір реттік төлем қарастырылған.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу