Елімізде зейнетақы мөлшерін 11 пайызға өсіру қарастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зейнетақы мөлшерін 11 пайызға өсіру қарастырылуда

05.05.2022

Егде жастағы азаматтармен қатар табысы төмен отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін ұлғайту мәселесі Сенатта қаралып жатыр. Әлеуметтік қолдауды күшейтуге бюджеттен қосымша 185 миллиард теңге сұралды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәркеев хабарлады. Өткен жылмен салыстырғанда зейнетақының 11, басқа төлемдердің 9 пайыз көлемінде өсуі көзделген. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық және материалдық емес көмек қарастырылған.

Руслан Сәкеев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Салық кодексінде қарастырылған жеңілдіктер бар. Одан кейін мынау жергілікті атқарушы органдарда олардың басқа да жағдайлар жасайтын көмектері бар. Мысалы, үйлеріне жөндеу жасап беру немесе жол ақысын төлеп беру. Немесе заңда көрсетілген көліктерді тіркеуде тағы басқа баж салығына байланысты жеңілдіктер бар. Ол жерде олар босатылған.

Қазір елімізде 381 ұлы соғыс ардагері мен оларға теңестірілген 74 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Оларға биыл бір миллион теңгеден кем емес бірреттік төлем қарастырылған.


Хабарламаларға жазылу