Елімізде жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр

05.05.2022

Елімізде жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы айтты. Бұрын жер учаскесін сатып алу конкурс арқылы ұйымдастырылса, енді аукцион арқылы сатылады. Түскен пайда мемлекет қазынасына жіберіледі. Жер телімдері негізінен кәсіпкерлік мақсатқа бағытталған. Бұл процесті жеңілдету мақсатында кадастрлық карта әзірленген. Ал жер учаскелерін egov.kz порталында аукцион арқылы ұсыну жобасы іске қосылды. Алғашқы телім аукционы Ақтөбе қаласында өтті. Келер айдан бастап жобаны еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланып отыр

Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы:
Ақтөбедегі жер учаскесі басында 51 480 теңгеден басталып, аукцион нәтижесінде ол жер 6 647 611 теңгеге сатылды. Яғни бірнеше есе қымбат бағаға сатылып отыр, пайда бірден мемлекет қазынасына құйылады. Пилоттық жобаның тағы бір артықшылығы сыбайлас жемқорлық әрекеттің алдын алады. Әрі қызмет көрсету мерзімін жарты жылдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жер учаскесін сатуда ашықтықты қамтамасыз етпек.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу