Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын мұнай өндіру жұмысына кері әсер етпейді. Энергетика министрі осылай деді. Болат Ақшолақов шығын көлемі 350 мың тонна мұнай дейді. Апаттан кейін шикізат тасымалдаудың жанама жолы қарастырылғаны белгілі. Осы аралықта шығын екі миллион тоннаға жетеді деген болжам болған. Үкіметтің жедел шаралары мен мұнай өңдеу компанияларының арқасында шығын көп болған жоқ деп есептейді министр. Ал келген шығынды жыл соңына дейін толтырмақ. Каспий құбыр консорциумындағы апаттан кейін мұнай экспорты үш есе қысқарады деген қауіп болған.
Ақерке Бектас