Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

27.05.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазіргі кезде Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

Мұнай құбырының өткізу қабілетіне қойылған шектеулер алынып тасталды. Қазір айлақтың барлық құрылғылары жұмыс істеп тұр. Әлихан Смайылов «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін консорциумдағы құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу