Елордада Арман Қапезовке арналған стелла ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Арман Қапезовке арналған стелла ашылды

04.05.2022

Елордада ерлікпен қаза тапқан әділет полковнигі Арман Қапезовке арналған стелла ашылды.

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры өткен жылдың тамыз айында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде оқ-дәрі жарылған кезде мерт болған еді. Ерлігі мен қайсарлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен, Арман Қапезов қайтыс болғаннан кейін, I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ал Тараз қаласында опат болған әскерилердің құрметіне былтыр мемориалдық тақта ашылған. Ерлікпен көз жұмған Арман Қапезов прокуратурада 24 жыл қызмет етті. Артында 4 баласы қалды.

Дауылбай Қапезов, А.Қапезовтің ағасы:

Әріптестері, Бас Прокуратура, Қазақстанның Әскери прокуратурасы бүгін құрметтеп, ерлігін бағалап ескерткіш ашып отыр. Үлкен мәртебе бізге. Дүниеден жас өтті, бірақ артынан осындай із қалдырды. Мәңгілік із, жас ұрпаққа тәрбие.


Хабарламаларға жазылу