Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, республикалық маңыздағы бірнеше жол жабылды.
Ауа райы бұзылып, жол көрінбегендіктен Бейнеу – Сай- Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау тас жолында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. Бұған дейін Қазақстанның бірқатар облысында, соның ішінде Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжады.