Еуропада газ үшін «соғыс» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада газ үшін «соғыс» басталды

01.05.2022

Еуропада газ үшін «соғыс» басталды. «Газпром» Польша мен Болгарияға көгілдір отын тасымалын тоқтатып тастады. Осылайша, Владимир Путиннің газ үшін рубльмен төлеу туралы жарлығын орындамағаны үшін қыр көрсетіп отыр. Бұл – Еуропа нарығындағы көгілдір отын төңірегіндегі алғашқы текетірес. ЕуроОдақ газсыз қалған қос елді қолдап, көрші мемлекеттер отынмен қамтамасыз етіп отыр. Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен «Еуропадағы ресейлік ресурстардың дәуірі аяқталуға жақын. Еуропа энергетика мәселелері бойынша ілгері жүріп барады», - деді. Дегенмен, кәрі құрлық толығымен Ресейдің газынан бас тартуға әлі дайын емес сияқты. Австрия, Германия мен Венгрия газ бойынша санкцияларға қарсылық танытып отыр. Венгрия, тіпті, Ресейдің газ үшін рубльмен есептесу шартына да келісіп отыр. Атап өтерлігі, соңғы 2 айдың өзінде ЕуроОдақ Ресейге мұнай мен газ үшін 40 млрд еуро төлеген. Бірақ Газпромның 2 елге отын тасымалын тоқтатуы ЕуроОдақтың Ресей мұнайына эмбарго енгізуін жеделдетуі мүмкін. Бұл жағдайда кәрі құрлықтың жоспары қандай? Еуропарламент депутатының пікірін білдік.

Траян Бэсеску, Еуропарламент депутаты, Румынияның экс-президенті:

Еуропаны энергиямен қамтамасыз етуде Қазақстан жетекші рөлге ие. «Қазмұнайгаз»компаниясы Румынияда 5 млн тонна шикі мұнай өндіріп отыр. Оның өнімі бүкіл Еуропаға тасымалданады. Сол үшін Қазақстан Ресейдің инфрақұрылымын пайдаланбай, «Джейхан» терминалы арқылы Еуропаға шикі мұнай тасымалын күшейтсе жақсы болар еді.


Хабарламаларға жазылу