KASE-нің атын жамылып бағалы қағаздар саудасымен айналысатын алаяқтар көбейді. Олар әлеуметтік желілер мен ұялы телефон арқылы тұрғындармен байланысып, қор нарығына ақша салуға үндеп жүр. Қазақстан қор биржасы жалған рұқсатты қолданып, заңсыз әрекетке көшкендерден сақ болуға шақырады. KASE ешқашан нарықта өз қызметкерлерінің тікелей қатысуымен азаматтарға мұндай ұсыныс жасамайды. Ал қор биржасындағы теңге бағамына тоқталсақ, апта басында 453 теңгеден сатылған доллар қазір 4 теңгеге арзандады.