«Ауыл» партиясы: Цифрлық платформа партия жұмысын жаңғыртады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы: Цифрлық платформа партия жұмысын жаңғыртады

29.04.2022

«Ауыл» партиясының саяси кеңесінде ұсынылған жеті бастаманың ішінде цифрлық платформаны құру бағыты сапалы кадрлық резерв қалыптастырады. Оған тіркелген әрбір қазақстандық еңбегі мен әлеуетін көрсетіп, алдағы сайлау науқанында партиялық резервке өздерін кандидат ретінде ұсына алады. Сондай-ақ, партия жұмысының тиімділігін көрсететін «Ауыл рейтингі» платформасы да екі айдан кейін тестілік режимде іске қосылады.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:
Партия мүшелерінің арасында, 300 мыңның арасында партиядан қол үзіп кеткен, партия жұмысына араласпайтын, болмаса жасы келіп, ауырып жатқан, болмаса өмірден озып кеткен азаматтар да болуы мүмкін. Солардың барлығын біз қазір толық талдап, бастауыш партия ұйымдарының деңгейіндегілердің бәріне анализ жасай отырып, соны біз партиямыздың ішкі құрамын тазалау мәселесіне назар аударамыз. Соған байланысты партияның саны азаюы да мүмкін.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу