Елде құрастырылатын көліктер былтырға қарағанда 16%-ке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде құрастырылатын көліктер былтырға қарағанда 16%-ке қымбаттады

28.04.2022

Елде құрастырылатын көліктер былтырға қарағанда 16%-ке қымбаттады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік бағасының өсуіне оған қажет шикізаттың қымбаттауы себеп болғанын айтады. Логистикалық контейнерлердің құны үш есе шарықтаған. Министрлік өкілдері инфляцияның өсуі де автомобильдің қымбаттауына әсер етті деп есептейді. Ал импорттық көліктердің құны 18,6%-ке өскен. Сонымен бірге министрлік шағын чиптердің жетіспеуіне байланысты нарықта автокөлік тапшы екенін жоққа шығармады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу