Ескі көліктердің орташа бағасы 26%-ке өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескі көліктердің орташа бағасы 26%-ке өсті

26.10.2021

Елде ескі көліктердің орташа бағасы 26%-ке өсті. Олардың қымбаттауына нарықта жаңа көліктердің тапшылығы әсер еткен. Өңірлерде Lada автокөлігіне сұраныс жоғары.

Мамандар бағасы қолжетімді болған соң жеңіл көліктің бұл маркасын алушылар екі жыл ішінде көбейгенін айтады. Нарықта 650 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін бағаланады. Әсіресе Петропавловлда арзан, Алматыда қымбат. Бағасы былтырға қарағанда 15%-ке шарықтаған. Ал жаңа көліктердің саудасы биыл 5,4%-ке азайған. Бұл туралы Автобизнес қауымдастығы хабарлады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу